Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 23 ақпанда Қазақстан аймақтарында болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжамын ұсынды.
Қазақстан аумағының басым бөлігі төменгі қысым аумағы ықпалында болады және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын (жаңбыр және қар түрінде) жауады.
Еліміздің батысына, солтүстік-батысына антициклон әсер еткендіктен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, шығыста бұрқасын болады, - делінген хабарламада.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын, жолдарда көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысында тұман, күндіз найзағай күтіледі.
Алматы облысында кей жерде жел 17-22 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында және Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, - делінген Қазгидромет таратқан хабарламада.