23-25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Алдағы бірнеше күнде Қазақстан аумағындағы ауа райын батыстан шығысқа қарай жылдам ығысатын циклон қалыптастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Арман Мухатов  - архив 22 Желтоқсан 2025 2025, 16:30
22 Желтоқсан 2025 2025, 16:30
1326
Фото: - архив

Алдағы бірнеше күнде Қазақстан аумағындағы ауа райын батыстан шығысқа қарай жылдам ығысатын циклон қалыптастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол өзімен бірге қар, бұрқасын, желдің күшеюін, ал батыс өңірлерде көктайғақ құбылыстарын алып келеді. Алайда 25 желтоқсанда циклонның орнын суық ауа массасының басып кіруі алмастырады. 

Соның салдарынан түнгі уақытта елдің батысында ауа температурасы 20-25 градус аязға, ал солтүстігінде 23-28 градус аязға дейін төмендейді. 

Тек республиканың оңтүстігінде салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады, күндізгі уақытта ауа температурасы 2-7 градус жылуға дейін көтеріледі.

Наверх