Наурыз мейрамы – халқымыздың бай рухани мұрасын, дәстүрі мен салтын дәріптейтін ерекше күн, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлана бастады.
Елімізде 14 наурызда "Наурызнамa" онкүндігі басталды. Мерекенің жаңа форматы бізге қазақ мәдениетінің байлығы мен халқының алуан түрлілігіне назар аударуға, дәстүр-салтымызды жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Наурыз – әр қазақстандық үшін көктемгі жаңару, махаббат пен достық, бірлік пен үйлесімділік салтанат құратын мейрам.
22 наурыз – "Жыл басы" – халқымыздың салт-дәстүрі мен құндылықтарын тағы бір жаңғыртып, тарихтың жаңа бетін ашуға шабыттандыратын күн. «Жыл басы» күнтізбедегі жай ғана күн емес. Бұл – мерекелік қуанышқа бас қосып, тарихымыздың жаңа кезеңінің басталуын мақтанышпен атап өтетін ерекше сәт.