22 қазанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы өтеді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин&nbsp;өзінің Telegram каналында хабарлады.</h4> <br>

14 Қазан 2020 2020, 16:13
АВТОР
 14 Қазан 2020 2020, 16:13
14 Қазан 2020 2020, 16:13
1657

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram каналында хабарлады.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы 22 қазанда өтеді. Отырыс аймақтардың қатысуымен онлайн форматта өткізіледі. Отырыстың күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселе - Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жүзеге асыру жолдарын талқылау. Сондай-ақ, алдағы уақытта болатын отырыс аясында Президент Әкімшілігі, Үкімет, Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі басшылығының қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмыс топтарында пікірталас өтеді, - деп жазды ол.



Наверх