Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, атмосфералық фронт бөліктерінің өтуіне байланысты республиканың батысында және солтүстік-батысында ауа райы тұрақсыз, кей жеде жауын-шашынды болады. Республиканың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшеюі мүмкін.
Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.Қарағанды, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күшейеді.
Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ түседі, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының кей жерінде жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күшейеді, көктайғақ болады.
Атырау облысының кей жеріңде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.