22,8 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланып кете жаздаған

27 Сәуір 2021, 15:34
1993
Бөлісу:
22,8 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланып кете жаздаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы 2020 жылдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамада жазылған.

2020 жылы «Сатып алудың бірыңғай терезесі» талдау жүйесін пайдалана отырып, сатып алудың баға комплаенсі аясында Агенттік пен «Атамекен» ҰКП-ның коллаборациясы күшейтілді. Бұл жүйе нақты уақыт режимінде сатып алу туралы лоттарды жоспарлау сатысында олардың көлемі мен сатып алу бағасының негізділігі тұрғысынан талдауға мүмкіндік береді, - делінген Ұлттық баяндамада. 

Нәтижесінде 22,8 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың жолы кесілді.

Бұдан басқа Білім және ғылым министрлігінің бастамасы бойынша Агенттік «Adaldyq alańy» өңірлік жобалық кеңселерімен, арнайы мониторингтік топтармен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік осал санаттағы оқушыларды қашықтан оқытуға арналған 70 млрд теңге сомасына компьютерлер, ноутбуктер мен планшеттерді сатып алуын сүйемелдеді. Нәтижесінде 3,6 млрд теңге үнемделді.

Баға комплаенсі бойынша бірлескен күш-жігердің арқасында Агенттік анықтаған мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны олардың көлемі айтарлықтай артқан кезінде, (2018 жылы –3,9 трлн теңге, 2020 жылы – 6,6 трлн теңге) соңғы 3 жылда 23%-ға төмендеді, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы