14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

21 Қазан 2024, 21:55
3870
Бөлісу:
14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 22 қазанда елдің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Қарағанды облысының шығысында жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнады. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с болады.

Шымкентте күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының орталығында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Өзгелердің жаңалығы