Қазақстанның соңғы жаңалықтары

218 млн теңге салық төлеуден жалтарған маңғыстаулық тергеліп жатыр

4 Маусым 2025, 11:02
485
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Мүлікті сату кезінде салық төлемеу фактісі бойынша Маңғыстау облысында қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысының прокуратурасы салық заңнамасының сақталуына талдау жүргізді. 

Салық кодекстің 330-бабына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынатын мүліктік кірісіне Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс жатады.

Мүліктік табыстан 218 миллион теңге көлемінде салық төлеуден жалтару фактісі анықталды. Алайда заң талаптары мен салық органы жолдаған хабарламаларға қарамастан, салық төлеуші салықтық тексеру нәтижесінде есептелген соманы төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамаған, - деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Белгілі болғандай, аталған факті бойынша облыс прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 244-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелуде. 

Өзгелердің жаңалығы