Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубль бойынша сатып алу мен сату бағамдарының орташа мәні жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы валюта айырбастау орындарындағы орташа бағам мынадай:
- доллар: сатып алу – 517,49 теңге, сату – 519,26 теңге;
- еуро: сатып алу – 604,60 теңге, сату – 609,13 теңге;
- рубль 6,36–6,49 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанадағы айырбастау пункттерінде:
- долларды 514,43 теңгеден сатып алып, 521,38 теңгеден сатып жатыр;
- еуро: сатып алу – 600,67 теңге, сату – 610,67 теңге;
- рубль: сатып алу – 6,40 теңге, сату – 6,55 теңге.
Шымкент қаласында:
- доллар 517,18 теңгеден сатып алынып, 519,26 теңгеден сатылуда;
- еуро: сатып алу – 604,12 теңге, сату – 608,80 теңге;
- рубль: сатып алу – 6,41 теңге, сату – 6,47 теңге.
Ал бүгінге белгіленген ресми бағам бойынша:
- 1 доллар – 517,66 теңге,
- 1 еуро – 606,49 теңге,
- 1 рубль – 6,44 теңге.