21 тамызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер бейсенбі, 21 тамызға арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 20 Тамыз 2025 2025, 22:39
20 Тамыз 2025 2025, 22:39
1172
Фото: pixabay.com

Синоптиктер бейсенбі, 21 тамызға арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған сәйкес, мына өңірлерде аптап ыстық болады деп күтіледі:

  • Алматы облысында: +35°С,
  • Маңғыстау облысында: +38°С.

Еліміздің оңтүстігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық майдандар Қазақстан аумағының басым бөлігінде өз ықпалын сақтап, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде нөсер жаңбыр болады, батыста, солтүстікте бұршақ жаууы және дауылдың тұруы мүмкін... Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс желдің күшеюі болмақ, батыста, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі, – деп жазды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ гидрометеорологиялық орталық мынандай қауіптерді ескертеді:

  • өрт қаупі жоғары - Алматы облысында, Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Атырау облысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстік-батысында,
  • төтенше өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы өңірінің батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде.
Наверх