21 қыркүйектен бері елімізге қанша ресейлік келді, қаншасы ЖСН алды?

21 қыркүйектен бері елімізге қанша ресейлік келді, қаншасы ЖСН алды?
712

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көші-қон қызметі органдары шетелдіктердің Қазақстанға келуі жөнінде ақпаратты шекара қызметінің ақпарат жүйесі деректерінен алады. 

21 қыркүйектен республика шекарасынан шамамен 98 мың ресейлік елге өтсе, 64 234 ресейлік елден кеткен. Сондай-ақ 21 қыркүйектен 8 мыңнан аса азаматтығы жоқтар ЖСН алды, - деп ақпарат берді ҚР ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов.  

Ол сондай-ақ 1 сәуірден бастап Ресей Федерациясы азаматтарының қаншасы ЖСН алғаны туралы да ақпарат берді. 

2022 жылдың 1 сәуірінен Ресей Федерациясы азаматтарының 93 045-і ЖСН алды. Ал Қазақстанда тұруға ықтиярхат алған 4 271 Ресей азаматы бар. Олардың 116-сы этникалық қазақтар. Ықтиярхат алуда арнайы тәртіп барын білесіздер. Ықтиярхат алуға үміткерлердің әрқайсысы өзінің төлем қабілетін растады. Ол 1320 МРП, яғни 4 миллион теңгеден аса қаражат, - деді Аслан Аталықов.  

Ал азаматтыққа өтініш берген 441 ресейлік бар. Олардың 117-сі этникалық қазақтар. 

Айта кету керек, баспасөз конференциясында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ресейден келушілерге қатысты бәрі министрлік бақылауында екенін және барлық жұмыс көші-қон заңнамасына сәйкес істеліп жатқанын айтты.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы