«Қазгидромет» РМК синоптиктері қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлі де, республикамыздың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек еліміздің батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын көбінесе қар түрінде жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.