Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 қазанда еліміздің солтүстік, оңтүстік-батыс және батысында жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Сәрсенбі күні Қазақстанның солтүстік, оңтүстік-батыс және батыс аймақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты түнде және күндіз жаңбыр жауады. Қалған өңірлерде антициклонның ықпалымен күн райы ашық болады. Кей жерде жел күшейіп, батыс, солтүстік-батыс және шығыс аймақтарда тұман, батыс және солтүстік-батыс аймақтарда түнде және таңертең көктайғақ болуы мүмкін.
Атырау облысының түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерінде жел күшейіп 15-20 м/с жетеді, тұман түседі, түнде және таңертең көктайғақ болуы ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерінде күндіз жел 15 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді. Алматы облысының кей жерінде түнде минус 1 градус суық болады.