Ертіс өңірінде алдағы сегіз жыл ішінде суармалы жер алқаптарының көлемі 300 мың гектерға жетпек, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа жұмыс сапары бойынша осындай тапсырма берген. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Руслан Дәуітбаевтың мәліметінше, соңғы үш жылда 50 мың гектер жер суармалы алқап ретінде айналымға енгізілген.
Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтамаған емес. Үстіміздегі жылы өңірде тоғыз жоба жүзеге асырылып жатыр. шамамен 19 мың гектарға шақталған бес жобаны шаруашылық иелері өздері қолға алған. Облыста бұл бағытты дамыту үшін тағы 19 жоба бар. Жобалық-сметалық құжаттамаларды ауал шаруашылығы өнімдерін өндірушілер әзірледі. 17 мың гектарда іске қосу үшін 14,5 млрд. теңге қажет. Қазіргі уақытта Ертіс өзенінен 20 шақырымдық жерде орналасқан бос жатқан жер учаскелерін анықтап жатырмыз. Қолданыстағы егістік алқаптары немесе мал бағылатын аумақтарды тиіспейміз, - дейді басқарма басшысы.
Мамандардың айтуынша, «Ертіс-Қарағанды» су арнасы мен Ертіс өзенінің ресурстары 2030 жылға шақталған жобарды сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, қазіргі таңда өңір аумағында суармалы жерлер көлемі 140 мың гектарға жеткен. Олардың 77 гектарында суару жүйесі енгізілген. Көкөніс өнімдері өсіріліп, заманауи технологиялардың көмегімен суарылып жатыр. Яғни, алқаптардың 70%-і қолданыста.