2029 жылы ЖИ бойынша білімі бар 1 млн азамат даярланады – Мирас Закиев

Бөлісу:
2029 жылы ЖИ бойынша білімі бар 1 млн азамат даярланады –  Мирас Закиев
Фото: автордан

Алматыда 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында VII Халықаралық Digital Almaty 2025 халықаралық форумы өтеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 Жасанды интеллект әлемде қарқынды дамып келе жатыр. Елімізде осы салаға ерекше көңіл бөліп жатқанын атап өткеніміз жөн. Ұлттық концепция күшіне енді. Қазіргі таңда ЖИ бойынша заң жобасы әзірленді, мәжіліс қарауына жіберлілді. Сонымен қатар, бізде eGov.kz жасанды интеллект енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. БҰҰ ретингінінде eGov.kz 24 орында. Ал онлайн қызмет көрсету бойынша 10-шы орында келе жатыр. Яғни біздің елімізде Цифрландыру өте жоғарғы деңгейде жүзеге асырылып жатыр. Бұдан бөлек, елімізде ЖИ-мен жұмыс істейтін компанияларда бар, - деді Жасанды интеллект және дамыту коммитеті төрағасының орынбасары Мирас Закиев.

Ол сондай-ақ елімізде IT саласында 180 мыңнан астам адам жұмыс істейтіндігін, ЖИ бағытында мамандар даярлау жоспарда барын атап өтті.

 Маман тапшылығы сарапшылардың сөзіне сенсек, маман тапшылығы әрқашан болып тұрады. Нарықты уақытында толтыру үшін мектептер мен бағдарлама ашылу қажет. Біздің есебіміз бойынша 2029 жылы ЖИ бойынша білімі бар 1 млн азамат даярланады. Қазіргі таңда елімізде IT саласында 180 мыңнан астам адам жұмыс істейді, 18 IT компания бар. Болашақта компаниялардың қатарын көбейту мақсатымыз, - деді Мирас Закиев.

Бұған дейін халықаралық Digital Almaty 2025 форумынан не күтуге болатынын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы