Қазақстанның соңғы жаңалықтары

2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақы 10%-ға өседі: Кім қанша алатыны белгілі болды

Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

2026 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі 10%-ға артады. Бұл “2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заңда көзделген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Зейнетақы қалай өседі?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақылар инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға ұлғайтылады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023-2027 жылдар аралығында базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен арттыру жалғасып жатыр. Нәтижесінде:

  • ең төменгі базалық зейнетақы – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына,
  • ең жоғарысы – 120%-ына дейін жеткізіледі.

2026 жылы базалық зейнетақы мөлшері:

  • Ең төменгісі – 35 596 теңге
  • Ең жоғарғысы – 60 005 теңге

Нақты мысал

2019 жылы зейнетке шыққан, жасы 70-тегі зейнеткердің зейнетақысы:

  • 2025 жылы – 171 588 теңге
    (базалық – 50 851 тг, ынтымақты – 120 737 тг)
  • 2026 жылы – 192 816 теңге
    (базалық – 60 005 тг, ынтымақты – 132 811 тг)

Бұл сомаға БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы кірмейді.

Жәрдемақылар да көбейеді

2026 жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақылар да 10%-ға өседі. Бірнеше мысал:

Бала тууға берілетін біржолғы жәрдемақы:

  • 1–3 балаға – 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін
  • 4 және одан көп балаға – 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы:

  • 4 баласы бар отбасы – 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге дейін
  • 10 баласы бар отбасы – 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін

Мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы:

  • I топ – 101 702 → 111 872 теңге
  • II топ – 81 362 → 89 498 теңге
  • III топ – 55 474 → 61 021 теңге

Әлеуметтік төлемдер де артады

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін:

  • асыраушысынан айырылу,
  • еңбекке қабілетінен айырылу бойынша төлемдер де 10%-ға көбейеді.

Бұл төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын азаматтарға тағайындалады және олардың мөлшері:

  • соңғы 2 жылдағы табысқа,
  • әлеуметтік аударымдарға,
  • еңбек өтіліне,
  • асырауындағы адамдар санына байланысты есептеледі.
Өзгелердің жаңалығы