2026 жылы базалық мөлшерлеме қалай өзгерді?

23 Қазан 2026, 12:32
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 23 Қазан 2026, 12:32
23 Қазан 2026, 12:32
179
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін түсірді. Жыл басында 18% болған көрсеткіш осылайша 2,25 пайыздық тармаққа төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін 2026 жылғы 23 қазанда жариялады. Мөлшерлеме +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 15,75% деңгейінде белгіленді.

2026 жылы базалық мөлшерлеме қалай өзгерді?

Жыл басынан бері базалық мөлшерлеменің өзгеру барысы мынадай:

  • Қаңтарда - 18%;
  • Наурызда - 18%;
  • Сәуірде - 18%;
  • Маусымда - 17%;
  • Шілдеде - 16,75%;
  • Қыркүйекте - 16,25%;
  • Қазанда - 15,75%.

Осылайша, маусымнан бастап мөлшерлеме біртіндеп төмендеп, қазан айында 15,75%-ға жетті.

Базалық мөлшерлеме неге маңызды?

Базалық мөлшерлеме - экономикадағы ақшаның құнына ықпал ететін негізгі көрсеткіштердің бірі. Ол банктердің қаржыландыру құнына әсер етіп, несие мен депозит бойынша пайыздық мөлшерлемелердің қалыптасуына ықпал етеді.

Базалық мөлшерлеме төмендегенде, уақыт өте келе несие алу шарттары жеңілдеп, депозиттердің кірістілігі де өзгеруі мүмкін. Дегенмен бұл өзгерістер бірден жүзеге аспайды және әр банктің саясатына, инфляцияға және нарықтағы жағдайға байланысты болады.

Ұлттық банктің келесі шешімі қашан жарияланады?

Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме бойынша биылғы соңғы жоспарлы шешімі 2026 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Наверх