- Мұқаба
- Жаңалықтар
- 2026 жылғы көктем: Қазақстанның қай өңірінде су тасқыны қаупі әлі де жоғары?
2026 жылғы көктем: Қазақстанның қай өңірінде су тасқыны қаупі әлі де жоғары?
Қазақстан аумағының көп бөлігінде тасқынның қауіпті кезеңі еңсерілді. Бірақ кей аймақтарда тасқын судың ең жоғарғы деңгейі әлі де төмендеген жоқ.
Бүгiн 2026, 17:03
Қазақстанның басым бөлігінде су тасқынының белсенді кезеңі барынша азайды. Дегенмен, елдің кейбір өңірлерінде судың көтерілу шыңы әлі де сақталып отыр, деп хаьарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ТЖМ баспасөз қызметі қазіргі уақытта тасқынның ең жоғарғы деңгейі Ақмола облысының аумағында өтіп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бақылауда тұр.

Мамандар гидрологиялық жағдай мен тасқын қаупі бар елді мекендердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізуде.
Су тасқыны жағдайының күрделенуіне жол бермеу мақсатында алдын алу және жедел шаралар кешені іске асырылуда. ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар және басқа да қызметтердің күшімен 9 млн астам текше метр қар шығарылды, 1,3 млн астам текше метр еріген су сорылды, 79 мыңнан астам қап және 103 мың тонна инертті материал төселді, 1,9 млн астам метр арықтар мен каналдар тазартылды, 5 мыңнан астам уақытша бөген пен үйінді тұрғызылды, – деп нақтылады ТЖМ.

Тасқынға қарсы іс-шаралар жалғасуда және бақылауда. Барлығы 43 рет әуеден барлау жүргізіліп, оның барысында тасқын қаупі бар 305 елді мекен тексерілді.

Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысындағы тасқын қаупі бар учаскелердегі жұмыстарға ТЖМ әскери бөлімдерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Жалпы жұмыстарға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, ІІМ және басқа да ұйымдардан 700 адам, 227 бірлік техника, 40 мотопомпа және 5 жүзу құралы қатысуда.

Тоғыз өңірде 220 учаскеде жалпы ауданы 626 мыңнан астам шаршы метр аумақта мұз жару жұмыстары жүргізілді, 29 мыңнан астам метр мұз кесілді және 41 мың ойық бұрғыланды.Қостанай, Павлодар, Ақмола облыстарында 11 судың тасуы мен Ақмола облысындағы 4 су шаю бақылауда, – деді министрліктен.

Ақмола облысы
Ақмола облысында елді мекендерді су басудың алдын алу мақсатында превентивті шаралар қабылданды. 5 сәуірде Қорғалжын ауданы Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 км жерде орналасқан «Шөптікөл» бөгетінің денесінде ішінара бұзылу тіркелді. Қазіргі уақытта бөгет қалпына келтірілді, елді мекендерге қауіп жоқ.

Астрахан ауданында, Ескі Қалқұтан ауылына кіреберісте қардың қарқынды еруі мен Қалқұтан өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты судың тасуының алдын алу мақсатында автожол жамылғысы алдын ала бұзылды. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде Ескі Қалқұтан ауылымен көлік қатынасы уақытша тоқтатылды. Елді мекенге қауіп жоқ. Кезекшілік ұйымдастырылды. Халық дәрі-дәрмек, азық-түлік және жанар-жағармай қорымен қамтамасыз етілген, – деп атап өтті ТЖМ.
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шараларды аяқтады.

Алтай ауданында алдын алу мақсатындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылған ТЖМ 68303 әскери бөлімінің екінші құтқару батальонының жеке құрамы Өскемен қаласындағы тұрақты орналасу орнына оралды. 12 наурыздан бастап жеке құрам Алтай ауданының елді мекендерінде, Тұрғысын, Чапаево, Малеевск, Соловьево, Маяк ауылдарында, Зубовск кентінде және Алтай қаласында су тасқынының алдын алу бойынша міндеттерді орындады. Батальон күшімен барлығы 4905 метр арық қар мен мұздан тазартылды, 6 көпір, 2 канал, 27 су өткізу құрылысы тазартылды, 1220 дана қап инертті материалмен толтырылды. Зубовск кентіндегі Бұқтырма өзенінің бөгені инертті материал толтырылған қаптармен нығайтылды. Сондай-ақ су басу қаупі бар елді мекендердің тұрғындарымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді, - деді министрліктің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін БҚО-да көшелерді су басуына байланысты әкімдік жауап берген болатын.
Ең оқылған:
- Рекорд орнады: Қазақстан халқының өмірі 8 жасқа ұзарды
- Астанада балалардың көліктерді қиратқаны видеоға түсіп қалды: Кім жауап береді?
- NASA Айға оралды, бірақ көздегені – Марс: Сарапшы миссияның мәнін түсіндірді
- Шығыс Қазақстан облысында 3 адам кәріз құдығында уланып қалды
- Атыраудағы балабақшада балаға шкаф құлаған: Тәрбиешілер жазаланды