Енді 2 жылдан соң Қазақстанның 8 қаласында 5G технологиясы іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кейін 2025 жылы тағы 6 қалаға орнатылып, 2026 жылы еліміздің 25 қаласында ұялы байланыстың «бесінші буыны» қолжетімді болады.
Бұл туралы Цифррлық даму министрінің орынбасары Асхат Оразбек мәлім етті.
Сонымен қатар вице-министр елдегі интернет сапасына қатысты журналистер сұрағына жауап берді.
Ел аумағының 99 пайызы қамтылған. Дегенмен бұл оның барлық өңірде сапалы екендігін білдірмейді, - деді вице-министр Асхат Оразбек.
Осыған байланысты былтыр 532 шағым түсіп, байланыс операторларына 135 млн теңге айыппұл салынған. Вице-министр географиялық бедері күрделі болғандықтан, интернет жеткізу қиынға соғатын өңірлерге тоқталды.