Қазақстанның соңғы жаңалықтары

2026 жылдан бастап мектептерде бақылаудың жаңа тәртібі енгізіледі

Кеше, 21:02
171
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

2026 жылғы 1 ақпаннан бастап мектептерде, балабақшаларда, лагерьлерде және балаларға арналған басқа да ұйымдарда бақылаудың жаңа тәртібі енгізіледі. Басты мақсат - әр бала үшін қауіпсіз, сау және жайлы орта, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Не өзгереді?

Жоспарлы тексерулер енді екі санат бойынша жүргізіледі. Жоғары қауіп - кем дегенде жарты жылда бір рет тексеру. Төмен қауіп — жылына бір реттен артық емес7

Бұл ретте, тексерілетін объектілердің тізімдері ата-аналар мен қоғам қандай мекемелердің бақылаудан өтіп жатқанын көруі үшін ашық жарияланатын болады.

Объектілерге барумен мониторинг

Бақылаудың жаңа форматы бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік береді. Мектептердің оқу жылына, лагерьлердің жазғы маусымға және медициналық мекемелердің эпидемиялық сынақтарға дайындығын бағалау үшін Мемлекет басшысының, Үкіметтің және Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмалары бойынша тексерулер жүргізіледі.

Ең маңыздысы алғашқы тексеруде айыппұлдар қолданылмайды - ұйымдар бұзушылықтарды түзетуге мүмкіндік алады.

Сондай-ақ санитариялық дәрігерлердің өкілеттіктері кеңейтілетін болады, атап айтқанда, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер жүйелі бұзушылықтарды жоюды талап ете алады, нұсқамаларды жергілікті және мемлекеттік органдарға жібере алады және қауіпсіздік стандарттарын арттыруда мекемелерге қолдау көрсете алады.

Биылғы 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң бала құқықтарын қорғауды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын күшейтеді және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда бақылауды жетілдіреді.

Қазіргі уақытта заңның толық орындалуын қамтамасыз ететін заңға тәуелді актілер әзірленуде.

Өзгелердің жаңалығы