2025 жылға қарай қызмет көрсету 100 пайыз электронды жүйеге ауысады - АШМ

25 Қаңтар 2022, 14:32
1140
Бөлісу:
2025 жылға қарай қызмет көрсету 100 пайыз электронды жүйеге ауысады - АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттіліктің басты факторларының бірі терең цифрландыру.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің барлық IT-бастамалары қайталануды, тиімсіз шығындар мен бюрократияны болдырмай, тек қана жаңа платформаға негізделеді. ведомство цифрландыру саласында азаматтарға 2025 жылға қарай смартфоннан мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін жүз пайызға жеткізуді көздеп отыр. Осыған байланысты, министрлік цифрлық трансформация орталығымен бірлесіп проблемалық мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің реинжинирингін жүргізуде, жүйелі шешімдер әзірленеп жатыр – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Министрліктің жұмысы нормативтік-құқықтық базаны жаңартуға және мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында анықталған қателерді техникалық пысықтауға бағытталған.

Жалпы, 61 мемлекеттік қызметтің ішінде 57 қызмет электрондық форматта (94%), қалған 4 қызмет қағаз форматта көрсетіледі.

Министрліктің өзі 19 қызмет көрсетеді (ветеринарлық бақылау, өсімдіктер карантині және мал шаруашылығы қызметтері).

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын арттыру мақсатында 1135 іс-шара өткізілді, халықты қамту көрсеткіші 186 513 адамды құрады. 

«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» бағыты бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бағалауына сәйкес, министрліктің көрсеткіштері 2020 жылы 54,98 баллды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылы да келтіріледі. Көрсеткіштер динамикасы келесідей:

– көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығы (25-тен 19 балл) - респонденттердің 76% министрліктің қызметтерінен қанағаттанды;

– мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету (50 балдан 19,10 балл) - мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту, ақылы негізде тегін қызмет көрсету және стандартта белгіленген жұмыс кестесін сақтамау фактілері анықталған жоқ;

Электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтер үлесінің артуы және тиісінше пайдаланушылар мен көрсетілетін қызметті алушылардың өсуі олар көрсетілетін ақпараттық жүйелерге жоғары талаптар қояды.

Ол үшін цифрландыру тілінде ауыл шаруашылығы жануарларының базасы толығымен «қайта жазылды» немесе басқаша айтқанда «техникалық жаңартылды», бұл мемлекеттік қызмет көрсетуді айтарлықтай жеңілдетті. 

Министрлік айтылған мәселелерді ескере отырып, жұмыс жоспарын құрды. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және шешімдер қабылдаудың барлық деңгейлерінде адами факторды жою мақсатында министрлік ақпараттық жүйелердің ведомствоаралық интеграциясын ескере отырып, көрсетілетін қызметті берушілердің аралық анықтамаларды талап етуін барынша азайту бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тексеру жүргізетін болады.

Осылайша, министрліктің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмысы жоспарлы және тұрақты негізде жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы