Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде 2025 жылға дейін 2-3 жастағы балалар үшін 223 мың жаңа орын ашу жоспарланып отыр. Бұл халықтың мектепке дейінгі білім беру қажеттілігінің 70%-дан астамын қамтамасыз етеді, - деді ол.
Қазіргі күні елімізде 11 320 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оларда 948 362 бала немесе еліміздегі балалардың 89,1%-ы тәрбиеленіп жатыр.
Сонымен қатар жыл басынан бері 29 620 орындық 307 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 2 818 орындық 3 мемлекеттік, 26 802 орындық 304 жеке мектепке дейінгі ұйым ашылды.