Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Cоңғы бес жылда саланың көрсеткіштері екі есеге өсті. Өткен жылы қазақстандық әуе компаниялар 14 млн 700 мың жолаушыны тасымалдады, ол 2023 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 11%-ға көп. Әуежайдарда қызмет көрсетілген жолаушылардың саны 14%-ға өсіп, 29 млн, 700 мың адамды құрады.
Вице-министрдің айтуынша, ұшу қауіпсіздігі бойынша Халықаралық авиациялық ұйымының бағалауы бойынша 82%-ды құраған.
Ұшу қауіпсіздігі азаматтық авиацияның басты міндеті. Қазақстанда бұл көрсеткіш, Батыс Еуропа елдерінің көрсеткіштерімен қатар қоюға келеді. Халықаралық авиациялық ұйымының бағалауы бойынша 82%-ды құрайды. Бұл әлемдік орташа деңгейден (70,8%) 11,2%-ға жоғары. 2024 жылы Еурокомиссия Қазақстан авиакомпаниялары үшін Еуропа Одағына ұшуға қатысты "Қара тізімдегі" барлық шектеулерді толығымен алып тастады, - деді ол.