2024 жылы бруцеллез бойынша қолайсыз пункттерді тіркеу 30%-ға төмендеді

Бүгiн, 04:41
175
Бөлісу:
2024 жылы бруцеллез бойынша қолайсыз пункттерді тіркеу 30%-ға төмендеді
Фото: gov.kz

ІҚМ бруцеллезбен ауруы тұрақты түрде төмендеп келеді. Соңғы үш жылда залалдану деңгейі 0,08%-дан аспайды. Бұл туралы BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ 2024 жылдың қорытындысы бойынша ел аумағында бруцеллез бойынша қолайсыз пункттерді тіркеудің 2023 жылмен салыстырғанда 30%-ға төмендеуі байқалады.
Бұл туралы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде хабарлады.

Атап айтқанда, 2024 жылға арналған серологиялық зерттеулер жоспарына сәйкес "ИНСПЭК" ЖШС-де 2000-нан астам ІҚМ басы зерттелді, олардың 53-і оң нәтиже берді.

Шаруашылық мәртебесін анықтау мақсатында қосымша диагностикалық зерттеулер жүргізілді, оның нәтижелері бойынша бруцеллезбен ауырған 95 бас ІҚМ анықталды.

Ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес барлық жануарлар санитариялық союға тапсырылды. Шаруашылықтың 13 200 шаршы метр аумағында дезинфекция жүргізілді. 10 қаңтарда шаруашылықта шектеу шаралары енгізілді. ҚР АШМ ВБҚК "Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ" РММ күштерімен сауықтыру іс-шаралары жүргізілуде. Жағдай ветеринарлық қызметтің бақылауында, - деп жазды министрліктің баспасөз қызметінен.

Өзгелердің жаңалығы