2024 жылы әскерге шақырылатын азаматтардың саны артады

Бүгiн, 00:26
162
Бөлісу:
2024 жылы әскерге шақырылатын азаматтардың саны артады
Фото: baq.kz

Биылғы әскерге шақырудың екінші кезеңі қыркүйекте басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылы 18 жасқа дейінгі 39 180 ер адамды әскер қатарына шақыру жоспарланған болса, енді бұл санды 40 148-ге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет қаулысына енгізілетін өзгерістер жобасынан белгілі болды.

Әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 40 148 ер азаматты 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізілсін, – делінген қаулының жаңа нұсқасында.

Жыл сайын әскерге шақырылатын жастар саны динамикалы түрде артып келеді. Айталық, 2023 жыл қорытындысы бойынша, 37 мың ер адам әскер қатарына шақырылды. Олардың 16 мыңнан астамы Қарулы күштерге жіберілді. Қалған 21 мың азамат Ұлттық ұланның, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерін толықтырды.

Ал 2022 жылы әскерге барған жастар саны 35 мыңнан аз болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 32 мыңнан астам болған.

Өзгелердің жаңалығы