2024 жылы әлеуметтік-еңбек саласындағы бюджет шығыстары қанша болмақ

4 Қаңтар 2024, 21:09
522
Бөлісу:
2024 жылы әлеуметтік-еңбек саласындағы бюджет шығыстары қанша болмақ
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Жалпы, 2024 жылы әлеуметтік-еңбек саласына республикалық бюджеттің шығыстары шамамен 5 трлн 456 млрд теңге сомасына қарастырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, бұл 2023 жылғы шығыстардан 16,3 %-ға артық (шамамен 4,7 трлн теңге).

Көзделген шығыстардың 98,2%-ы немесе 5 трлн 355,5 млрд-ы 2,4 млн зейнеткерге зейнетақы және 2,2 млн-ға жуық алушыға жәрдемақы төлеу үшін бағытталатын болады.

Бұрын хабарланғандай, бүгінгі күні республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді. 2023 жылы жәрдемақылар мен зейнетақыларды төлеуге 4,4 млн адамға, оның ішінде 2,3 млн зейнеткер мен 2,1 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға 4 трлн 689,3 млрд теңге жұмсалды.

Өзгелердің жаңалығы