Қазақстанның соңғы жаңалықтары

2024 жылы 400 млрд теңге үнемделді – Жұманғарин

9 Сәуір 2025, 15:39
801
Бөлісу:
 Үкімет
Фото: Үкімет

Қазақстанда 2024 жылы шығындарды оңтайландыру нәтижесінде шамамен 400 миллиард теңге үнемделген. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, үнемдеу үнемі жұмыс істеп жатқан оңтайландыру шараларының нәтижесі. Үкімет бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін жан-жақты қарап, үнемдеуге болатын салаларды анықтап, сол бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Шынымен де, бізде бюджеттің кіріс бөлігі мен шығыс бөлігі бар. Сонымен қатар, резервте тұрған шығындар да бар. Біздің мақсатымыз – осы шығындарды осындай деңгейде оңтайландырып, қазіргі уақытта ең маңызды болып саналатын шығындарды уақытша шегеріп қою, - деп мәлімдеді қаржы министрлігінің өкілі.

Өзгелердің жаңалығы