Атом электр станциясын қай елдің технологиясы бойынша салатынымыз белгісіз. Бірақ шешім 2023 жылы қабылданады. Бұны Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
АЭС-ті қай мемлекеттің технологиясы бойынша салатынымызға қатысты таңдау жасалған жоқ. Мысалы, Түркияда салынып жатқан «Аккую» атом электр станциясына, Франция, Оңтүстік Кореяға да бардық. Онда технология мен реакторлар басқа. Сондықтан технология әлі таңдалған жоқ. Алдағы уақытта Венгрияға және басқа елдерге баратын шығармыз. Таңдау әлі жасалған жоқ. Ол 2022 жылдың аяғында 2023 жылдың басында жасалады, - деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін Энергетика министрі АЭС-ті Ресейдің технологиясымен салынуы мүмкін екенін меңзеген болатын.
Қазіргі уақытта тек Түркияның Аккую атом электр стансасынан бөлек, әріптестеріміз басқа елдердің технологияларын көрді. Шыны керек, Ресейлік технология әлемдегі ең дамыған технологияның бірі. Бұған дейін мен олардың реактор сағаттарының қаншалықты жұмыс істейтін айта кеткен едім. Ресей технологиясынан сәл төмендеу тұрған Франция, Корей және Қытай стансаларының технологиялары, - деді Болат Ақшолақов.