2022 жылы ЖІӨ өсімі 3,3% болды - Қаржы министрі

7 Маусым 2023, 10:35
781
Бөлісу:
2022 жылы ЖІӨ өсімі 3,3% болды - Қаржы министрі
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2022 жылы ЖІӨ өсімі 3,3% болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілісте Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері тыңдалып жатыр.

2022 жылы пандемиядан кейін экономиканың біртіндеп өсуі және іскерлік белсенділіктің жандануы байқалды. ЖІӨ өсімі 3,3% құрады. Негізгі факторлар: қызмет көрсету саласындағы, нақты сектордағы өсу; экспорттың тез қарқыны есебінен сауда балансының нығаюы, құрылыс пен қызмет өндірісіндегі жоғары инвестициялық белсенділіктің болуы, - деді ол.

Азық-түлік пен шикізат бағасының жалпы әлемдік қымбаттауы аясында Қазақстандағы инфляция деңгейі де нысаналы көрсеткіштен асып, 20,3% болды.

Жамаубаевтың сөзінше, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7,9% ұлғайды. Жұмыссыздық 4,9% деңгейінде сақталды.

Осындай макроэкономикалық ахуал аясында республикалық бюджеттің атқарылуы мынадай көрсеткіштермен сипатталады. Түсімдер102,1% атқарылып, 16,1 трлн теңгені құрады. Шығыстар 98,6% игерілді және 18,5 трлн теңге болды. Тек әлеуметтік шығыстардың өзі 2021 жылмен салыстырғанда 987 млрд теңгеге ұлғайып, 8,5 трлн теңгені құрады, - деп айтты Ерұлан Жамаубаев Мәжілісте.

Айтуынша, бұл республикалық бюджеттің жалпы көлемінің 46%. Бюджет тапшылығы ЖІӨ шаққанда 2,3% болды.

Өзгелердің жаңалығы