2022 жылы елімізде инфляция деңгейі жоғары болады – Ұлттық банк

10 Қараша 2021, 12:13
1757
Бөлісу:
2022 жылы елімізде инфляция деңгейі жоғары болады – Ұлттық банк

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дамыған және дамушы мемлекеттер арасында инфляция көрсеткіші жоғары деңгейде. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, әлемдік экономикада пандемияға негізделген сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі, шикізат пен азық-түлік тауарларына бағаның жоғары болуы нәтижесінде инфляцияның өсуі жалғасып келеді.

Жалпы әлемдік инфляция жоғары болып қалып отыр. Дамыған және дамушы елдер көп жылдық ең жоғары көрсеткіштердің жаңаруын тіркеуде. Биыл қыркүйекте АҚШ-тағы инфляция рекордтық 5,4%-ке дейін, қазанда Еуроодақ пен Ресей Федерациясында тиісінше 4,1%-ке және 8,1%-ке дейін өсті. Қытайда монетарлық саясат бойынша шешімдер қабылдау кезінде басты назар аударылатын өндірушілер бағасының өсуі осы жылы қыркүйекте 10,7% болды, -деді ол.

Сонымен қатар Досаев алдағы жылдары елімізде инфляция қысым жоғары болып қалатынын айтты.

Ұлттық Банктің бағалауы бойынша, сақталып отырған теңгерімсіздік пен үдеп келе жатқан инфляциялық күтулерді ескерсек, 2022 жылы Қазақстанды қоса алғанда, дамушы елдерде инфляциялық қысым жоғары болып қалады, - деді Ұлттық банк төрағасы.
Өзгелердің жаңалығы