2022 жылы экономика 3,9 пайызға өседі – Мамин

24 Тамыз 2021, 10:52
3928
Бөлісу:
2022 жылы экономика 3,9 пайызға өседі – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин келесі жылы экономиканың өсуі 3,9 пайызға жоспарланып отырғанын айтты.

Республикалық бюджеттің ұсынылып отырған жобасы, ең алдымен, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемесін толық әрі уақытылы орындауға және де қазіргі жағдайларда экономиканың сапалы әрі орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған, - деді Үкімет басшысы.
Оның айтуынша, дағдарысқа қарсы макроэкономикалық саясатты іске асыру - пандемияның салдарын жұмсартып, экономикалық өсу қарқынын қалпына келтіру процесін іске қосуға мүмкіндік берді.
2022 жылы экономиканың 3,9%-ға дейін өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Шикізаттан тыс сектор - сапалы өсудің негізгі драйверлерінің біріне айналмақ әрі орнықты экономиканың негізгі факторы болып қала береді. Экономиканың нақты секторының, бизнестің дамуына қолдау көрсету және әлеуметтік инфрақұрылымның, оның ішінде, денсаулық сақтау, білім беру жүйесінің, мәдениет және спорт салаларының және де қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің орнықты әрі сапалы дамуын қамтамасыз ету - бюджет шығыстарының негізгі бағыттары болмақ, - деп атап өтті Мамин.

Үкіметте заң жобалары мен Жарлық жобалары мақұлданды.

Мамин Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігіне Премьер-министр кеңсесімен бірге заң жобалары мен Жарлықтың Парламентке енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы