2022 жылғы жазғы Азия ойындары қашан өтетіні белгілі болды

24 Шілде 2022, 00:15
2942
Бөлісу:
2022 жылғы жазғы Азия ойындары қашан өтетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жөнінде Азияның Олимпиадалық кеңесі ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлады olympic.kz.

Азиада 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында өтеді.

Аталған турнир 2022 жылдың 10-25 қыркүйек аралығына Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетіні жоспарланған еді. Алайда, әлемде коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты кейінге қалдырылды.

Азия ойындарында 40 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады.

Оған әзірге 45 мемлекет қатысады деп жоспарланып отыр.

Осы уақытқа дейін қазақстандық спортшылар аталған жарыста 1000 медальға қол жеткізді. Олардың 140-ы алтын, 600-і күміс, 260-ы қола.

Өзгелердің жаңалығы