2022 жылға дейін орташа әлеуметтік арақашықтықты сақтау талап етілуі мүмкін

13 Маусым 2020, 15:01
1862
Бөлісу:
2022 жылға дейін орташа әлеуметтік арақашықтықты сақтау талап етілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылға дейін орташа әлеуметтік арақашықтықты сақтау талап етілуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің facebook-тегі парақшасында жариялады. 

Мен министр ретінде ғана емес, ең алдымен коронавирус эпидемиясының қауіп-қатерін жақсы түсінетін және азаматтардың денсаулығы үшін ерекше алаңдап жүрген адам ретінде сіздерге өтініш жасамақпын. Дәл қазір жауапкершілікті мойнымызға алып, әрқайсымыз "жеке карантин" ережелерін мұқият үйренер және оны өмір салтына айналдырар кез келді, - деп жазды министр. 

Министрдің айтуынша, індетті жұқтырып алмау үшін қарапайым ғана мынадай шараларды сақтау керек:

1. Жұмыста, көлікте, көшеде, дүкенде және т.б. жерлерде мүмкіндігінше арақашықтықты сақтаңыз;

2. Егер мүмкіндік болса, кеңседе емес, үйде отырып жұмыс істеуге тырысыңыз. Туыс, достармен онлайн, видео-қоңырау және өзге де жаңа технологиялардың көмегімен байланыс орнатыңыз;

3. Қоғамдық орындарда маска киіп жүріңіз;

4. Қолды кем дегенде 20 секунд сабынмен жиі жуып, санитайзермен сүртіңіз;

5. Өзіңіздің және отбасы мүшелерінің температурасын жиі өлшеп тұрыңыз.

Айта кету керек, дәл осы шаралар наурыз, сәуір және мамыр айларында төтенше жағдай кезіндегі карантинде көп көмектесті. Қазір әлемнің кейбір елінде және Қазақстанда да коронавирус инфекцияның екінші толқыны жүріп жатыр. Елімізде екінші толқын мамыр айының соңында карантин талаптарын жеңілдеткеннен кейін басталды. Өкінішке қарай, COVID-19 жұқтырғандар саны бірден артты, - деді Елжан Біртанов. 

Министр жақында Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебі профессорының зерттеу материалы жарияланғанын атап өтті. 

Онда автор бета-коронавирус маусымы, иммунитет және қарсы иммунитет туралы мәліметтерді пайдаланып, SARS-CoV-2 коронавирусының таралуын есептеген. Айтуынша, күзгі-қысқы кезеңде SARS-CoV-2 қайталанады деп болжаған және толқынды болдырмау үшін 2022 жылға дейін орташа әлеуметтік арақашықтықты сақтау талап етілуі мүмкін – осы уақытқа дейін ұжымдық иммунитет қалыптасады немесе вакцина әзірлеп, оны пайдалануымыз тиіс.
Қазір SARS-CoV-2 иммунитеттің дәрежесі мен ұзақтығы белгісіз, сондықтан бірнеше сценарий есепке алынған. Материал мәліметтері бойынша қысқамерзімді иммунитет (40 апта) жасалуы мүмкін, онда індет жыл сайын қайталанады. Егер мерзімді иммунитет пайда болса (104 апта) - екі жылда бір рет шығады. Ал өмір бойғы иммунитет – вирустың элиминациясы болса, 2024 жылы қайта өршуі мүмкін: Бұл жаңа инфекция. Бүкіл әлем оны зерттейді, болжам жасайды, індетпен күресу жолдарын іздейді, - делінген жазбада.

Сондай-ақ, министр айтқандай, қазір инфекцияның таралуын шектеуге бағытталған шаралар мен жеңілдетілген карантин арасындағы ортақ теңдікті тауып, оны қалыпты өмір салтына айналдыру қажет.


Өзгелердің жаңалығы