2021 жылы Қызылорда облысында 644,7 мың шаршы метр үй беріледі

26 Қаңтар 2021, 12:45
1856
Бөлісу:
2021 жылы Қызылорда облысында 644,7 мың шаршы метр үй беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің қызылордалықтарды үймен қамтамыз етуге қатысты қойған сұрағына жауап берді.

Облыс әкімінің айтуынша, өткен жылы пандемия жағдайына байланысты қазіргі таңда кредиттік үйлерге сұраныстың азаюына байланысты көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда кем болды. 

609 мың квардат үй берілді. Енді кезекте тұрған 30 730 адам бар. Оның ішінде «Отбасы банкінде» тұрған салымшылар саны тек қана 8 мың адам. Олардың тек 600-і ғана алғашқы жарнасын төлеуін растап отыр. Осындай проблемалар бар. Дегенмен біз биыл 644,7 мың шаршы метр үй беріледі деп жоспар құрып отырмыз. Оның ішінде ең алдымен Қызылорда қаласы және аудандар бойынша арнайы үй салу инфраструктуралар дайындап қойдық. Екіншіден, Үкіметпен бірге бағдарламаларға байланысты арендалық үйлер мен кредиттік үйлерге байланысты қаржыны белгілеп, осы бойынша жұмыс істейміз, - деді әкім.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қызылордадағы қиын жағдай туралы айтқан еді.
Өзгелердің жаңалығы