Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстандық қор биржасының (KASE) төрағасы Алина Алдамберген 2020 жылдың қорытындысы бойынша өткен брифингте айтты.
Қарыз нарығындағы қаржыландыру бойынша 2020 жылдың екінші жартысында сауда көлемі артты. Сауданың жалпы көлемі 2 трлн 691 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 2,2 трлн теңгесі белгілі бір секторларға тартылды. 2019 жылмен салыстырғанда былтыр қосалқы нарықта (вторичный рынок) төмендеу болды. Ол корпоративтік облигациялар нарығындағы қарыз көлеміне әсер етті, - деді ол.
Ол атағандай, халықаралық қаржы орталықтары 274 млрд теңге тартты.
Сондай-ақ шетелдік валюталар нарығындағы сауда 11,6 трлн теңгені құрады. Оған қоса, валюталық операция көлемі азайған. Әрине, ол өзге валютадан қарыз алу қажеттілігінің болмауына қатысты болып отыр. Шетелдік валютаның 99 пайызы долларды құрайды, - деді ол.
Алдамберген KASE нарығындағы әдістер туралы да айтып берді.
2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1124 әдіс пен 790 құнды қағаз сатылымға шықты. Себебі әртүрлі нарық әртүрлі әдісті қажет етеді. Оның ішінде 126 акция мен 141 акция шығарылымы бар, - деді ол.