2020 жылы Маңғыстау облысында 32 мыңнан астам жұмыс орны ашылған

30 Қаңтар 2021, 23:09
1328
Бөлісу:
2020 жылы Маңғыстау облысында 32 мыңнан астам жұмыс орны ашылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету саласында 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын іске асыруды ескере отырып, 32 298 жұмыс орны құрылды (2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда — 31 506 жұмыс орны). Бұл туралы government.kz сайты хабарлады.

Тұрақты жұмыс орындарымен 28 025 адам, маусымдық жұмыспен — 4 273 адам қамтамасыз етілді. 2020 жылғы III тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ды құрады (2019 жылғы III тоқсан – 5,3%). 

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте бір қызметкерге орташа айлық жалақы 310 854 теңгені құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңіндегі көрсеткіштен 9,9%-ға артық. 

Келесі салаларда жұмыс орындары құрылды: құрылыс – 6 669, көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді жөндеу –  4 006, білім беру –  1 585, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 283, көлік және қоймалау – 520, өнеркәсіп – 1 405. 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы бірқатар іс-шара іске асырылды. 

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 1455 адам қамтылды. «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 1243 адам қамтылды, 835 адам мемлекеттік грант алды. 

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты бойынша жастар практикасына 1 701 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 811 адам, ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарға 5 016 адам жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы