Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британияның Collins сөздігі 2020 жылдың ең көп ізделген сөзі деп «локдаун» (lockdown) атауын атады.
Аталмыш сөздік «локдаун» сөзіне «пойызда, әлеуметтік қарым-қатынас пен қоғамдық ортада қатаң шектеу шараларын енгізу» деген анықтама берген.
Терминнің басқа да мағыналары бар. Мәселен, аталмыш сөздіктің америкалық нұсқасында «түрмеге қамалғандардың өз камерасына қамап, жүріп-тұруы мен басқа да іс-қимылына шектеу қойып, төтенше қауіпсіздік шарасын енгізу» деп анықтама берілген.
Сөздіктер локдаунның тар мағынада қолданылған сөз екенін байқаймыз.
Алайда COVID-19 індеті тарап, пандемия орнаған кезде, «локдаун» сөзі кең қолданысқа еніп, енді «қатаң изоляция» ұғымына ойысқан. ВВС деректеріне сүйенсек, былтыр «локдаун» сөзінің 4 мың ізделімі тіркелсе, биыл 250 мың рет ізделімі тіркелген.
Жалпы биыл коронавирус пандемиясына қатысты сөздердің көп ізделгені байқалады. Көп ізделген сөздердің ондығында «демалыс» (furlough), «өзін-өзі оқшаулау» (self-isolate), «әлеуметтік арақашық» (social distancing) және «коронавирус» (coronavirus) сөздері бар.