Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде өткен жыл қиындықтарды еңсеру жылы болғанын айтты.
Оның айтуынша, әлемдік пандемия қоғам өмірін түбегейлі өзгертті. Біздің менталитетімізге, күнделікті өмір-салтымызға да тікелей әсер етті.
Пандемия әлеуметтік және экономикалық салаларға зор залалын тигізді. Індеттен туындаған жаһандық дағдарыс іскерлік белсенділікті әлсіретіп, әлемдік нарықтардың құлдырауына алып келді. Дүние жүзі бойынша кәсіпорындар жабылып, сауда-саттық төмендеді. Барлық елдердің әлеуметтік салаларындағы ахуал қиындады. Табыс көлемі азайып, мұқтаж отбасылар ауыр жағдайға тап болды. Бұл әлемдік процестер бізді де айналып өтпеді. Алайда, «Алматы біргеміз» деген ұғымға сыйып тұрған алматылықтардың өзара ауыз біршілігі індетті уақытында ауыздықтауға септігін тигізді, - деді ол.
Сонымен қатар ол қала тұрғындарының жаппай індет жұқтыруына жол бермегенін, қазір Алматы жасыл қаймақта екенін атап өтті.
Бұл біз қолға алған шаралар дұрыс жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. Жақында басталған вакцина салу жұмыстары қаланың бұрынғы қалпына келуіне көмектеседі. 2020 жылдың қорытындысы бойынша біз жағымсыз сценаридің белең алуына жол бермедік, барлық экономикалық көрсеткіште өсіммен шықтық,-деді қала әкімі.
Сағынтаев сөз арасында пандемияның экономикаға тигізген зиянына қарамастан шетсіз қала қағидаты бойынша жұмыс жалғасатынын жеткізді.
Бұл менің түбегейлі таңдауым және осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Әрбір алматылық тұрғылықты жеріне қарамастан теңдей өмір сүру стандарттарына ие болуы тиіс,-деді ол.