2020 жылдың алғашқы күніне арналған ауа райы болжамы

1 Қаңтар 2020, 09:00
2911
Бөлісу:
2020 жылдың алғашқы күніне арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 2020 жылдың 1 қаңтары күні ауа райы тұрақсыз болатынын хабарлады.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, жаңа жылдың алғашқы күні еліміздің басым бөлігінде жауын және қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғып, жел күшейеді. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында бұрқасын болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқып, екпіні 23-28 м/с болады. Кей жерлерде көктайғақ болып, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. 

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріңде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с-қа жетеді. 

Павлодар, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде, бұрқасын соғып, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с болады. 

Алматы, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлеріңде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. 

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлеріңде тұман түседі.


Өзгелердің жаңалығы