Қазақстанның соңғы жаңалықтары

2019 жылы ұялы операторлар 220 млрд теңге пайда тапқан

15 Қаңтар 2020, 20:22
1480
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Өткен жылы еліміздегі байланыс мекемелері 800,1 млрд теңге пайда тапқан. Бұл туралы LS басылмы жазды.

Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 5,2% артық. Оның ішінде жергілікті телефон байланысының табысы 36,7 млрд теңгені құраған, интернетке қосылуды қамтамасыз ету - 285,1 млрд теңге, ұялы байланыс қызметі – 221,6 млрд теңге пайда тапқан.

Қызмет көрсетудегі жоғары үлес кең жолақты интернет (35,6%) пен ұялы байланысқа (27,8%) тиесілі. Өзге телекоммникациялық қызметтер табыстың 18,4% иеленген, ал жергілікті телефон баланысы 4,6%.

Жыл соңында телефон желісіне қосылған абоненттер саны 3,2 млн құраған, ал ұялы байланыста 25,7 абонент бар. Интернетке шығатындар саны 15 млн.

Сондай-ақ 2019 жылы байланыс қызметтері 2,5% қымбаттаған. Ол әсіресе Ақмола облысында байқалған.
Өзгелердің жаңалығы