Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда 2019 жылғы балабақша құны бекітілді

5 Маусым 2019, 12:51
2444
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі қаладағы мектепке дейінгі мекемелердің төлемін бекітті. 

Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2019 жылға арналған тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы қаулысы «Алматы ақшамы» газетінің сайтында жарияланды.

Жарияланған құжат бойынша бір тәрбиеленушінің орташа шығыны айына 27 502 теңгені құрайды. Құжатқа сәйкес ата-ананың бір балаға төлейтін ақысы 18 500 теңге мөлшерінде, қалғанын әкімдік өз мойнына алып отыр.

Өзгелердің жаңалығы