2019 жылдың үздік елі анықталды

19 Желтоқсан 2019, 20:05
3150
Бөлісу:
2019 жылдың үздік елі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. The Economist журналы жылдың үздік елі ретінде Өзбекстанды атады. Себебі өзбек елі басқа мемлекеттерге қарағанда демократиялық дамудың қарқынын жақсы нәтижемен көрсеткен. 

The Economist журналының сарапшылары "жылдың үздік елін" жариялады. 

Басылымның сайтында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің реформалары мемлекетке жаңаша леп берген. 

Үш жыл бұрын Өзбекстан посткеңестің диктатураның ықпалында болды. Қоғам ойын ашық айта алмады және қатыгездіктің "астында" өмір сүрді, - деп жазды сарапшылардың пікірін басылым.

Елдің алдында ұзақ жол тұрғанмен, Өзбекстан осы жылы айтарлықтай алға жылжыды. Мұндай демократияның көрінісі басқа ешқандай елден байқалмады. Өткен жылы басылым Арменияны "жыл елі" деп атаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы