2014 жылдан бері іздеуде болған қазақстандық елге қайтарылды

21 Қыркүйек 2023, 09:32
4034
Бөлісу:
2014 жылдан бері іздеуде болған қазақстандық елге қайтарылды
Фото: Бас прокуратура

Қазіргі кезде ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.

Ол құрылыс компанияларына тиесілі 1 млрд теңгеге жуық, соның ішінде аурухана салуға арналған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген.

Күдікті 2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Қазіргі кезде ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған - деп Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай хабарлайды. 

Өзгелердің жаңалығы