2011 жылғы 5 мың теңгелік банкноттар 2024 жылдың соңына дейін ғана қолданылады

15 Қараша 2023, 23:02
1478
Бөлісу:
2011 жылғы 5 мың теңгелік банкноттар 2024 жылдың соңына дейін ғана қолданылады
Фото: ашық дереккөз

Ұлттық банк қаулысына сәйкес, биылғы 25 желтоқсаннан бастап 2011 жылғы 5 мың теңгелік банкноттар жаңа үлгідегі банкноттармен ауыстырыла бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Ұлттық банк жаңа банкноттардың үлгісін таныстырған болатын.

Жаңа 5 мың теңгелік банкноттар биылғы желтосқанда қолданысқа енгізіледі. Ал ескі банкноттар 2024 жылғы 24 желтоқсанға дейін айналымда болады.

Жаңа үлгідегі банкноттар мен ескі үлгідегі банкноттар қатар айналыс кезеңінде (2023 жылғы 25 желтоқсан мен 2024 жылғы 24 желтоқсан аралығы – ред.) заңды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер мен аударымдардың барлық түрлерін жүзеге асыру, банктік шоттарға есептеу үшін олардың белгіленген құны бойынша қабылдануға міндетті, – делінген қаулы жобасында.

Өзгелердің жаңалығы