2006 жылғы банкноттарды айырбастау аяқталады

28 Желтоқсан 2020, 19:55
1912
Бөлісу:
2006 жылғы банкноттарды айырбастау аяқталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда облысы бойынша "Ұлттық банк" филалының қолма-қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің басшысы Светлана Ибраева баяндады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі халықтан келген көптеген өтініштерді ескере отырып, 2006 жылғы 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін – 4 жыл бойы ұзартылып келді. Қазіргі таңда, Банкноттар жеке тұлғалар үшін тек Ұлттық Банктің филиалдарында ғана айырбасталады. Олардың мекен-жайы мен байланыс телефоны туралы ақпарат Ұлттық Банктің сайтында орналасқан. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады ,- деді Светлана Еділқызы.
Өзгелердің жаңалығы