200 құтқарушы ТЖ жою жұмыстарына жұмылдырылды

Маңғыстау облысының 200 құтқарушысы су басқан облыстардағы ТЖ жою жұмыстарына жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ 15 Сәуір 2024 2024, 17:36
15 Сәуір 2024 2024, 17:36
750
Фото: ТЖМ

Маңғыстау облысының 200 құтқарушысы су басқан облыстардағы ТЖ жою жұмыстарына жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы су тасқынымен күресу үшін барлығы 200 қызметкер, 19 бірлік техника, 7 жүзу құралдары, 6 құтқару шеңбері, 2 квадрокоптер және 28 мотопомпа күш пен құралдар жіберілді.

Қазіргі уақытты 912 адам (оның ішінде 252 бала) эвакуацияланып, 5 азаматқа медициналық көмек көрсетілді.

Бүгінгі таңда барлығы 530 926 текше метр су сорылып, инертті материал салынған 167 975 қап және 800 метр полиэтилен пленка дайындалып, төселді

Наверх