Алматы, BAQ.KZ. «Ордабасы ауданы мал дәрігер бөлімі» МБ-ның басшысының үстінен пара алды деген күдікпен іс қозғалған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Түркістан облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінде «Ордабасы ауданы мал дәрігер бөлімі» МБ-ның басшысы қызметі міндетін атқарушы Е. Оспановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды.«Оспанов жануарлардың изотикалық ауруының алдын алу жұмыстары мен атқарылған жұмысқа қаражатты аудару үшін 200 мың теңге көлемінде пара алған», - делінген хабарламада.
9 шілде күні Ордабасы аудандық соты Оспановқа 6 млн теңге көлемінде айыппұл төлеу шешімін шығарған. Сот айыппұлды 1 ай ішінде төлеу мерзімін бекіткен, егер ол уақытта төленбесе оны бас бостандығынан айыру жазасына ауысатыны да көрсетілген.
Сонымен қатар, айыпталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте қандайда бір лауазымды иелену құқығынан айырылған.