200-ден астам сотталушы партаға отырды

12 Қыркүйек 2022, 15:27
1015
Бөлісу:
200-ден астам сотталушы партаға отырды
Фото: автордан

Ертіс өңіріндегі түзеу мекемелерінің мектептері мен колледждерінде оқу жылы басталды. Биыл 200-ден астам жазасын өтеуші жоғары сыныптарға көшсе, кешкі мектепті тәмамдағандар техникалық колледжге оқуға түсті, деп хабарлайды Павлодардағы BAQ.KZ тілшісі.

Түзеу мекемесі жанындағы мектептің оқу ісінің меңгерушісі Мұрат Оспановтың айтуынша, мектеп бағдарламасы өзге орта білім беру ошақтарының бағдарламасынан еш айырмашылығы жоқ. Тек білім алушылар ересек азаматтар қатарынан.

«Үлкен азаматтармен қарым-қатынас орнату, оқыту әлдеқайда жеңіл. Себебі, ересек адамдар оқуға талпыныспен келеді әрі білімнің қажеттілігін жақсы түсінеді. Тәртіп жағынан да кінарат жоқ. Биыл мектепте 116 оқушы білім алып жатыр. Оның ішінде 10 оныншы сынып және үш 11-ші сынап бар. Мектеп 2004 жылы ашылған. Сол уақытта бері 400-ге жуық жазасын өтеуші орта білім жөніндегі аттестаттарға ие болды. Кейбіреулері бостандыққа шығып, дұрыс жолға түсті», - дейді оқу ісінің меңгерушісі Мұрат Оспанов. 

200-ден астам сотталушы партаға отырды

Сотталушылар орта білім алған соң бірнеше мамандықты меңгере алады. Облыстағы түзету мекемелер жанындағы колледжде техникалық мамандықтарға басымдық берілген.

Колледж директоры Серік Дәкеновтің айтуынша, азаматтар колледжде автокөлік жөндеуші, слесарь және токарь мамандықтары бойынша білім алу мүмкіндігіне ие. 

«Біздің түпкі мақсатымыз – жазасын өтеушілерге мамандық беру. Қазіргі уақытта колледж екі түзеу мекемесінде жұмыс істейді. 150 студентіміз бар. Техникалық білім беру  үшін материалдық базамыз бар. Алдағы уақытта тағы екі бағдарламаны енгіземіз. Ол – тінігші және дәнекерлеуші мамандықтары. Себебі, бұл мамандықтар еңбек нарығында сұранысқа ие. Жазасын өтеушілер бостандыққа шыққын соң мамандық бойынша еңбек етіп, қоғамға тез бейімделеді. Отбасыларын асырап, дұрыс жолға түседі деген ойдамыз», - дейді Серік Дәкенов. 

200-ден астам сотталушы партаға отырды

Мектеп және колледж ұжымдарының ішінде 20 жылдық тәжірибесі бар педагогтер жұмыс істейді. Тәжірибенің болуынан бөлек мамандар сотталушылармен жұмыс істейдегі психологиялық дайындығы да тиісті деңгейде.

Өзгелердің жаңалығы