200-ден астам курсантқа алғашқы офицерлік «лейтенант» атағы берілді

25 Маусым 2022, 12:52
1065
Бөлісу:
200-ден астам курсантқа алғашқы офицерлік «лейтенант» атағы берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 маусымда ҰҚК Шекара академиясында 30-шы мерейтойлық жас офицерлерді шығарып салу салтанаты өтіп, 214 курсантқа алғашқы офицерлік «лейтенант» атағы берілді.

Салтанатты шараға ҰҚК Төрағасы генерал-лейтенант Ермек Сағымбаев, ардагерлер мен түлектердің ата-аналары қатысты.

Е.Сағымбаев құттықтау сөзінде түлектерге сәттілік пен жаңа кәсіби биіктерге жетуді тіледі. Отанымыздың шебін күзету ең жауапты да құрметті іс болып қала беретінін атап өтті. Сонымен қатар оқу орнының басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамына алғыс сөздерін жеткізді.

Қалыптасқан дәстүр бойынша іс-шара Академияның Жауынгерлік Туымен қоштасу және ҰҚК Шекара академиясының әнұранын орындаған түлектердің салтанатты маршымен аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы