20 жастағы қазақстандық 700 доллар сыйақы алды

4 Наурыз 2025, 10:48
971
Бөлісу:
20 жастағы қазақстандық 700 доллар сыйақы алды
Фото: Шахмат федерациясы

20 жастағы Қазыбек Нөгербек Канн қаласында (Франция) өткен Festival International des Jeux 2025 өкілді шахмат турнирінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылғы 24 ақпаннан 2 наурызға дейін Канн қаласында (Франция) өткен дәстүрлі Халықаралық ойын фестивалінің (Festival International des Jeux) бағдарламасына үш шахмат турнирі қарастырылған. Қазыбек тоғыз турдың қорытындысы бойынша жеті ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді. Осылайша 700 доллар сыйақыға ие болды және рейтингтегі орнын жақсартты.

Жарысқа қатысқан Қазақстанның басқа шахматшыларының нәтижесі Әлішер Сүлейменов – 6 ұпай, 16-шы орын, 11 жасар Аланна Берікқызы (2015) – 4 ұпай, 86-шы орынға жайғасты.

Өзгелердің жаңалығы